ESET Dynamic Threat Defense®

ESET Dynamic Threat Defense
Жұмыс станцияларын, мобильді құрылғылар
мен файлдық серверлерді белсенді қорғау

ESET Dynamic Threat Defense

ESET Dynamic Threat Defense жаңа, бұрынғы белгісіз қауіптерді анықтау үшін машиналық оқыту технологиялары негізінде орнатылған құмсалғыш көмегімен ESET Mail Security және ESET Endpoint Security өнімдерінің тағы бір қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.

  • Мінез-құлықты талдау негізінде детектеу
  • Машиналық оқыту
  • Нөлдік күннің қауіптерін анықтау
  • Кірістірілген құмсалғыш
  • ESET АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Көп деңгейлі қорғау

Үлгіні алып, ESET Dynamic Threat Defense машиналық оқытудың үш моделін пайдаланады. Осыдан кейін EDTD үлгіні тауып алудан қорғау үшін құмсалғышты іске қосады. Содан кейін үлгі мінез-құлқын белгілі үлгілермен салыстыратын терең оқытудың нейрондық желісі қолданылады. Бұдан әрі ESET анықтау модулі үлгінің кез келген стандартты емес мінез-құлқын анықтайды.

Егжей-тегжейлі шолу

Әрбір зерттелетін үлгі ESET Security Management Center консолінде бейнеленеді,онда оның сипаттамалары мен шығу тегі туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрнекі және ыңғайлы көрсетілген. ESET Dynamic Threat Defense-ке жіберілген үлгілер ғана емес, ESET LiveGrid бұлтты қорғау жүйесіне жіберілген барлық үлгілер де көрсетіледі.

Үздік жылдамдық

Әрбір минут есептеулі, сондықтан ESET Dynamic Threat Defense үлгілердің көпшілігін 5 минуттан аз уақытта талдайды. Егер үлгі бұрын талданған болса, ұйымыңыздағы барлық құрылғылар толық қорғалғанға дейін бірнеше секунд қана өтеді.

Мобильділік

Компания қызметкерлері жиі саяхаттап, кеңседен тыс жұмыс істейді. ESET Dynamic Threat Defense пайдаланушылардың орналасқан жеріне қарамастан файлдарды талдайды. Жаңа зиянды бағдарлама анықталған жағдайда барлық корпоративтік желі дереу қорғалады.

Автоматты қорғау

Соңғы күйге келтіргеннен кейін әкімшіге қосымша әрекеттер жасаудың қажеті болмайды. Сервер немесе жұмыс станциясы үшін өнім үлгінің таза, зиянды немесе белгісіз екенін автоматты түрде анықтайды. Белгісіз үлгі ESET Dynamic Threat Defense серверіне талдау үшін жіберіледі

Электрондық поштаны қорғау

ESET dynamic Threat Defense тек файлдармен ғана емес, электрондық пошта тіркемесімен де жұмыс істейді. Бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін ESET Dynamic Threat Defense-те электрондық хаттар тек сыртқы мекенжайлардан жіберіледі.

Үлгілерді қолмен жіберу

Пайдаланушы немесе әкімші кез келген уақытта ESET үйлесімді өнімі арқылы талдау үшін үлгі жібере алады және егжей-тегжейлі есеп ала алады. Әкімші барлық жіберушілерді және ESET Security Management Center тікелей тексеру нәтижелерін көреді.

Жеке теңшеу

ESET компьютер үшін ESET Dynamic Threat Defense конфигурациясын егжей-тегжейлі баптауға мүмкіндік береді, сол себепті әкімші қарауға жіберілетін нәрсені басқара алады және нәтижеге байланысты не болуы керек екенін бақылай алады.

Жүйелік талаптар

  • ESET Security Management Center
  • ESET Mail Security, ESET Endpoint Security или ESET Server Security версии 7
  • ESET Business Account есеп жазбасы
Сауал салу

Сіздің компанияңыздың талаптарына сай икемделіп, дербестелген қызметті жеткізіп және лицензияның тегін сынамалық түрін Сізге жіберуіміз үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдыруыңызды өтінеміз.