ESET Threat Intelligence арнайы Сіздің компанияңызды нысанаға алып жасалып жатқан немесе дайындалып жатқан әлеуетті шабуылдар туралы хабарлап тұрады. Арнайы мақсатпен жасалып жатқан шабуылдар бойынша есептеме нысанаға алынған қатерлі программалар, URL-мекенжайлар, зарарлы кодтар ораналасқан жерлер, олардың қылықтары тізімінен тұрады.
Апта сайын жүйе ботнеттер есептемесін құрып тұрады, бұл есептемеде Сіздің компанияңыздың компьютерлері DDoS-шабуылдарды немесе спам-жіберілімдерді жасау үшін бот-желісінің бір бөлігі ретінде қолданылады ма екенін көрсетеді. Есептеменің құрамына ботнеттерді басқаруда қолданылған және зарарлы ПЖ нысандары кіреді. ESET дәл Сіздің компанияңызға қарсы бағытталған киберқатерлер туралы ақпараты іздеуге жеке-дара ережелер құрастырады.
Нысана шабуылдар

- Зарарлы ПЖ-ның көзі
- Табылған сәйкестіктер және байланыстырылған C&C-серверлері
- ESET LiveGrid-тегі бедел
- Анықтап табылу туралы ақпарат
- Құмсалғыш бастапқылары
Ботнеттер белсенділігі

- Белгілі бір ботнеттерді қолданатын зарарлы программалар тұқымдастары тізімі
- Анықтап табылған қатерлер
- Ағымдағы және жаңа C&C-серверлері
- Ботнеттер нысаналары
- Соңғы вариациялар