ESET жаңадан лицензиялануы
ESET жаңадан лицензиялануы неге пайда болды?
Стандартты лицензиондық кілт
Біз лицензияның логині мен жасырын сөзін стандарттық лицензиялық кілтке ауыстырдық. ESET NOD32 барлық комплекстік шешімдері жиынтығына қосылған өнімдер ортақ бір кілтпен жұмыс істейді.
Лицензияларды басқару
Қауіпсіздік әкімшісі жазбасымен бірнеше лицензияларды ыңғайлы басқару мүмкіндігі пайда болады.
Лицензиялармен қарапайым әрекеттер
Енді ұзарту, кеңейту және басқа да лицензиялық әрекеттер ESET-тің барлық жаңа өнімдеріне автоматтық түрде қоса жүктеліп, тіркелу деректерінің (лицензиондық кілт) ауыстырылуынсыз өтеді.
ESET License Administrator порталы
Жаңа ESET License Administrator (ELA) интернет-порталы лицензиялардың мәртебесін және олардыңіс-жүзіндегі қолданысын қадағалауға мүмкіндік береді.
ЖАҢА ESET LICENSE ADMINISTRATOR ПОРТАЛЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Жаңа өнімдерге ауысу
Әрекеттегі ESET тұтынушылары қолданыстағы лицензияның тіркеу деректерін (логин және құпиясөз) ESET жаңа бизнес-өнімдерінде қолданылып жатқан жаңа лицензиялық кілтке ауыстыра алады.
Құқықтарды табыстау
Порталда ESET лицензиясын басқару бойынша құқықтарының бір бөлігін үшінші жаққа беруге болады - мысалы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аутсорсингтік компанияға.
Лицензия мәртебесі
ESET License Administrator жаңа порталында лицензияның ағымдағы мәртебесі, сондай-ақ, оның ықпалындағы өнімдердің іс жүзіндегі қолданысы көрсетіледі.
Лицензиондық файлдары *.lic
Порталда интернеттен ажыратылған компьютерлердегі ESET өнімдерін қосу үшін лицензиондық файлдарды алуға болады.
Деактивация лицензии
Порталда осы лицензияны қолданып жатқан таңдалған өнімдерді өшіруге болады. Бұл әрекет лицензияның ұрлануы немесе оның тіркеу деректерінің жоғалуы жағдайында оның дұрыс емес қолданылуының алдын алуға мүмкіндік береді.
ESET бизнес өнімдерін лицензиялау
Жаңа ESET Remote Administrator 6 және бизнес-өнімдердің жаңа буындарыменен үйлесімділігі жөніндегі сипаттамалар төменде көрсетілген. Операциондық жүйенің түр-түрін қамту үшін ESET Unilicense-ті қолдануыңызға болады.
-
Үйлесімділік
-
Сөздік
ESET Remote Administrator 6-менен үйлесімділігі:
Өнім нұсқасы:
Іске арқылы қосылады:
5.x – логин/құпиясөз
5.x - логин/құпиясөз
4.5.x - логин/құпиясөз
4.5.x - логин/құпиясөз
4.5.x - логин/құпиясөз
лицензиондық кілт
XXXX-XXXX-XXXX-XXXX-XXXX түріндегі бірегей таңбалар жиынтығы лицензия иесін анықтап, оны іске қосуға қолданылады.
Лицензияның көпшіліктік кілті
Лицензияны идентификациялау үшін үшінші жаққа (мысалы, техникалық қолдау мамандарына) берілетін бірегей таңбалар жиынтығы.
Лицензия иесі
Лицензияны сатып алып, оның лицензиялық кілтіне, көпшіліктік кілтке, логинге, құпиясөзге ие болған пайдаланушы
ESET License Administrator (ELA)
Интернет-портал, где владелец лицензии или администратор безопасности могут управлять лицензиями ESET NOD32 и отслеживать их использование в режиме реального времени.
ELA құпия сөзі
ESET License Administrator порталына кіруге арналған арнайы құпиясөз. Лицензиондық кілт кіруге арналған логин болып табылады.
Логин және құпиясөз
ESET өнімдерінің ескі нұсқаларында лицензияны іске қосуға қолданылуы мүмкін лицензияның тіркеу деректері. ESET License Administrator порталында логин және құпиясөзді жаңа лицензиондық кілтке және керісінше қайта түрлендіруге болады.
Қауіпсіздік әкімшісі
Лицензияларды басқарып отырған тұтынушы олардың иесі болмауына да болады. ESET өнімдерінде лицензияны іске қосу үшін қауіпсіздік әкімшісіне құқықтардың бір бөлігін лицензия иесі бере алады.
Лицензиондық файл *.lic
Интернетке қосылмаған компьютерлерде орнатылған өнімдерді немесе ESET өнімдерінің ескі нұсқаларын іске қосу үшін қолданылатын лицензиялар файлы.
Сіздің компанияңыздың талаптарына сай икемделіп, дербестелген қызметті жеткізіп және лицензияның тегін сынамалық түрін Сізге жіберуіміз үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдыруыңызды өтінеміз.