Компания туралы

ESET Компания туралы

ESET компаниясы  (www.eset.kz) — вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымның халықаралық әзірлеушісі, киберқылмыс пен компьютерлік қатерлерден қорғау саласындағы сарапшы – 1992 жылы құрылған. ESET компаниясының штаб-пәтері Словакияда орналасқан. Компания әлемнің 180-нен астам елінде жұмыс істейді. ESET қатерлерді анықтау технологиялары саласында пионер болды, олар белгілі, сондай-ақ жаңа зиянды бағдарламаларды тауып, залалсыздандыруға мүмкіндік береді.

ESET өкілдігі Қазақстанда 2009 жылы ашылды және Ресей мен ТМД-дағы ESET компаниясының аса ірі өкілдіктерінің бірі болып табылады. ESET NOD32 брендімен шығарылған ESET вирусқа қарсы шешімдері беделді британдық Virus Bulletin журналы тестілеу нәтижелері бойынша берген VB100 наградаларының рекордтық санымен марапатталды. Сондай-ақ ESET NOD32 өнімдері Андреас Климентидің AV-Comparatives австралиялық зертханасының ADVANCED+ және ADVANCED деп аталатын ең жоғары наградаларының ең көп мөлшеріне ие. Осы ұйымның тестілеу нәтижелері бойынша ESET NOD32 өнімдері қатерлерді проактивті табу деңгейі және жұмыс істеу жылдамдығы бойынша бәсекелестерінен айтарлықтай асып түседі.

ESET өкілдіктерінің серіктестік желісі желісі үш дистрибьютор компанияны - «1С», MONT, Comportal – және ESET NOD32 өнімдерін түпкі сатуды жүзеге асыратын 40-тан аса серіктес компанияны қамтиды. Компанияның серіктестері ESET-пен тығыз өзара іс-қимылда әрекет етеді, бұл клиенттердің сауалдарына жедел және уақытылы жауап қайтаруға мүмкіндік береді. ESET NOD32 вирусқа қарсы шешімдері Қазақстанның кез келген нүктесінде және әлемнің кез келген елінде қолжетімді.

Қазақстанда мынадай ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар ESET-тің клиенттері болып табылады: HALYK Group, АТФБанк, «Қазпочта» АҚ, Tele2 Қазақстан, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, «Қазаэронавигация» РМК,Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің аппараты, Астана LRT, С. Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, № 1 қалалық клиникалық ауруханасы, Алматы қ., QIWI Kazakhstan (КИВИ Қазақстан), "Медная компания Коунрад" ЖШС, Алматықалажер, "Кызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ, Rixos Khadisha Shymkent және тағы басқалар.