ESET NOD32 Internet Security жүктеу - жан-жақты орнатылған қорғаныс үшін әмебап шешім

ESET NOD32 Internet Security-ді жүктеңіз де, тегін 30-күндік кешенді қорғанысқа ие болыңыз

Сынама нұсқасын жүктеп алыңыз

Қазақстан тұрғындарының көбісі өмірін ғаламторсыз елестете алмайды. Біз достарымызбен және туысқандарымызбен хат-хабар алысып тұруға, ең маңызды жаңалықтарды алуға, желіде сатып алуды және шотты төлеуді үйрендік. Бірақ ғаламторда өмірдегідей - қауіпсіздік туралы ешқашан ұмытпау керек: қолынан бәрі келетін киберқылмыскер үшін қорғалмаған тұтынушы еліктіргіш олжа болып табылады.

  • Өзіңіздің дербес компьютеріңізбен тәуекелге барып, құнды ақпаратты жоғалтқыңыз немесе өз ақшаңызды хакерлерге бергіңіз келмей ме? Өзіңіздің қауіпсіздігіңізді қарапайым, бірақ нәтижелі әдіспен шешуге болады: 30 жылдық керемет беделге ие өндірушілер ұсынған жаңа ұрпақтың антивирусы ESET Internet Security тегін жүктеу.

Не үшін биз Internet Security антивирусын компьютерге тегін жүктеуді ұсынамыз

Сапалы өнімдер мен оның қызметі анықтама бойынша ақысыз таралуы мүмкін емес екендігі барлығына белгілі. Ал өзіңіздің қауіпсіздігіңізге бола үнемдеу - өмірлік күйге жеңіл-желпі қарау болып табылады. Мұндай жағдайда ESET Internet Security сынамалық антивирусы үшін төлемді неліктен талап етпейміз? Біз ұсынып отырған trial-нұсқаның айырмашылығы қандай?

Жоғарыда келтірілген дәлелдер - әсіресе қауіпсіз бағдарламамен қамтамасыз ету секілді мұндай күрделі жоғары технологиялық өнімдер үшін абсолютті түрде әділетті. Шындығында антивирусты қолдаумен мыңдаған қызметкерлер айналысады. Осы тұрғыда барлық әлем бойынша миллиондаған компьютер бағдарламаларының дұрыс қызмет етуі үшін массалық қымбат тұратын құрылғы керек.

  • Алайда сынамалық нұсқаның толық нұсқадан бір ғана айырмашылығы бар: сіз оны өзіңіздің ДК небары 30 күн ішінде пайдалана аласыз. Содан кейін сізге таңдау жасау керек болады: желіде сенімсіз қорғаныспен қалу немесе антивирустың толық нұсқасын төлеу.

ESET Internet Security жүктеудің тағы да бірнеше себептері

Бағдарламаның жан-жақты қызметі стандартты қауіптің жиынтығына - көп таралған вирустар мен белгілі тыңшылық бағдарламаларға кері жауап қайтаруға ғана мүмкіндік бермейді. Internet Security - пайдаланушы жан-жақтан қорғауға бағытталған"жетілген" өнім. Бағдарламаның бірнеше маңызды ерекшеліктерін қарастырайық.

  • Желідегі қаржы қауіпсіздігі. Сіздің персоналды деректеріңізді - ДСН кодтары мен құпиясөздерді ұрлау қаупі ақша аудару, қызметті төлеу немесе ғаламтор дүкендерінде тауарды сатып алу үшін ДК қолдану кезінде әр жолы пайда бола береді. ESET толық тәжірибелі хакер тобының өзі бұзуға қауқары жетпейтіндей арнайы жасалған браузерін ұсынады.
  • Ұрланған компьютерді табу. Internet Security сізді тек қана киберқылмыскерлерден ғана емес, сонымен бірге қарапайым ұрылардан да қорғайды. Егер қаскүнемдер сіздің ДК, планшет немесе ноутбукты қолды қылса, онда арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен оның орналасқан орнын дәл табуға болады.
  • Антивирус плюс брандмауэр. Wi-Fi арқылы қосылу көптеп таралып келеді. Қоғамдық желілер - өте ыңғайлы. Алайда мұндай жерлердегі ықтимал болатын қауіп саны да көбейе береді. Алайда мұндай жағдайда антивирус жеткілікті бола алмайды - сол себепті біз Internet Security ДК-ны рұқсат етілмеген еніп кетуден сенімді қорғайтын файерволды орнаттық.
  • Ата-ана бақылауы.Балалар кішкентай кезінен бастап ғаламторды игере бастайды. Бір жағынан балалардың дамуына қажетті қызықты әрі пайдалы заттар бар. Екінші жағынан - балалар түгіл үлкендердің өзіне қарауға тұрмайтындай бұқаралық ақпараттар жарияланады. Internet Security күмән туғызатын сайттарға балалардың кіруіне жол бермейді: бағдарлама 20 категория бойынша ақпараттарды сүзгілеп отыруға мүмкіндік береді.

Көптеген пайдалы қызметтер, қауіпсіздік жиынтығы, пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс - сіздің ДК үшін таптырмайтындай бағдарламаның барлығын ESET антивирусы жасайды. Одан бөлек Internet Security құрылғыға ең аз талап қойып, барлық операциялық жүйелерде қолданылу мүмкін.

  • Сізде күмән әлі де болса сейілмесе, онда ESET NOD32 Internet Security жай ғана жүктеп алуыңызды және жоғарыда айтылғандарды тәжірибеде тексеріп көруіңізді ұсынамыз. Орнату жұмысы бірнеше минутты алады, содан кейін жуық ай аралығында абсолютті түрде қауіпсіздікке көз жеткізіп, рахаттана аласыз.